Свердловка ауылындағы апта "Көрдің бе – көтер!" атты экологиялық акциясымен басталды. Бұл шара республикалық "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Ауылымыздың белсенді жастары балалар алаңын, көше бойларын және қоғамдық орындарды тазартуға атсалысты. "Тазалық – табалдырықтан басталады!"
"Туған жеріміздің тазалығы – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!" Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен қоршаған ортаға жанашырлықтары үшін алғыс айтамыз! Бірге – біз күштіміз! #тазақазақстан