
2025 жылғы 10 Қарашада "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау шеңберінде Приречен ауылдық округінің әкімі В.С. Борисовтың Приреченка ауылы мен Окраинка ауылының тұрғындарымен есептік кездесулері өтті. Ауылдық округ әкімі ауыл тұрғындарын 2025 жылдың өткен кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы хабардар етті, ауылдық округ қызметінің міндеттері, негізгі бағыттары және болашаққа жоспарлары талқыланды. Кездесуге қатысушылардың барлық сұрақтарына ауылдық округ әкімі В. С. Борисов толық түсініктеме берді.