"Таза жағалау" экологиялық акциясы

"Таза жағалау" экологиялық акциясы

Приречен ауылдық округінде "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында "Таза жағалау" экологиялық акциясы өткізілді. Іс-шара барысында Мұқра-Аят өзені бойындағы аумақты қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. Акцияға мемлекеттік қызметшілер мен қоғамдық қызметкерлер қатысты. Бірлескен күш-жігердің арқасында жағалаудағы аумақты бітеп тастаған тұрмыстық қоқыстардың, пластмасса мен шыны қалдықтарының едәуір бөлігі жиналып, шығарылды. Мұндай іс-шаралар біздің ауданды таза әрі жайлы етіп қана қоймай, тұрғындардың назарын қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығына аударады. "Таза жағалаулар" экологиялық акциясы-экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарау жолындағы тағы бір қадам. Өйткені, тазалық пен тәртіп әрқайсымыздан басталады!