"Таза Өлке" экологиялық акциясы

"Таза Өлке" экологиялық акциясы

Приречен ауылдық округінде "Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасы аясында аумақты абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталған "Таза Өлке" экологиялық акциясы өтті. Іс-шара барысында қатысушылар қара өрік пен алма ағаштарының көшеттерін отырғызды, осылайша ауыл тұрғындары үшін таза, жайлы және жасыл орта құруға өз үлестерін қосты.