Покров ауылдық округінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы жалғасуда.

Покров ауылдық округінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы жалғасуда.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Покров ауылдық округінде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Ауылдық округ әкімдігі қызметкерлері ветеринарлық қызмет өкілдерімен бірлесе отырып, спорт алаңының жанына қарағай көшеттерін отырғызды. Бұл іс-шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға, табиғатқа деген қамқорлықпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған.