
"Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында біз саябақты абаттандыруды жалғастырудамыз. 🌿
Бүгін біз белсенді тұрғындармен бірлесе отырып үлкен жұмыс атқардық: ағаштар мен бұталарды әктеу және кесу, аумақты қоқыстан тазарту.
Ауылымыздың тазалығы мен жайлы болуына атсалысып, үлес қосып жүрген барша жандарға алғысымыз шексіз!