Покров ауылдық округінде «Тaza Қазақстан» экологиялық бағдарламасы жалғасуда.
Қоғамдық жұмысшылар мини-футбол алаңы мен әкімдік аумағын қоқыстан және шөптен тазарту жұмыстарын жүргізуде.
Бұл шара ауыл аумағын абаттандыруға және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарлама аясындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда.