
2025 жылдың 1 желтоқсанында Глебовка ауылында Денисов ауданының әкімі Қатпаев Руслан Жоламанұлы мен Глебовка ауылының тұрғындарының есеп беру кездесуі өтті. Есеп беру кездесуінде аудан әкімі ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сумен қамту тарифі, келер жылғы жол жөндеу мәселелеріне тоқталып, абаттандыру мәселелері қаралды.