Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 қазандағы №778 қаулысына және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-4 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - ҰЭМ) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізеді. (Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі (ӘКС) – халықтың әлеуметтік осал топтарының (ХӘОТ) қатысуымен және (немесе) тұлғалары үшін бизнесті іске асыратын кәсіпкер).
.
Жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны Тізілімге қосуға өтініштерді (бұдан әрі - өтініш) қабылдау тоқсан сайын күнтізбелік тоқсанның алдындағы айдың 1-ден 15-не дейін жүзеге асырылады.
ӘКС тізіліміне кіру үшін құжаттарды қабылдау кестесі:
1-15 наурыз 1-15 маусым
1-15 қыркүйек 1-15 желтоқсан
Құжаттарды Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы, сондай-ақ қалалар мен аудандардың кәсіпкерлік бөлімдері қабылдайды. ӘКС тізілімін ҚР Ұлттық экономика министрлігі қалыптастырады
Сонымен қатар, Қағидалардың 11-тармағына сәйкес өтініштерді қабылдау жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша елді мекенде жүзеге асырылады. Кезекті қабылдау 2025 жылғы 1-15 наурыз аралығында жүзеге асырылады.
Толық ақпарат алу үшін кәсіпкерлер Денисов а, Калинина к.5 «Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ хабарласа алады.
Телефон 2-17-65