
Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ауыстыра алады.
eGov Mobile қосымшасы арқылы қызметті алу үшін:
* порталға кіріп, «Мемлекеттік қызметтер» - «Жүргізу және көлік» - бөліміне өтіңіз;
* «Жүргізуші куәлігін беру» қызметін таңдаңыз;
* Қажетті ақпаратты еңгізіп, мемлекеттік баж салығын төлеңіз.
* өтінімді қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен растаңыз.
* «Жеке кабинет тарихы» бөлімінде өтініш мәртебесімен таныс болыңыз.
Қызметті порталда алу нұсқаулығымен пост каруселінде таныс болыңыз