«Таза Қазақстан»

«Таза Қазақстан»

​«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Денисов ауылдық округінде аумақтарды көркейту және көгалдандыру бойынша жоспарлы жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп жатыр.
​Бүгінде ауылымыздың көркіне көрік қосу мақсатында Денисовка ауылына кіреберіс жол жиегіне және «Тәуелсіздік» скверіне ашық түсті петуния гүлдері отырғызылды. Бұл әдемі гүлдер жаз бойы тұрғындар мен ауыл қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, көз қуантатын болады.
​Мұндай игі шаралар туған өлкеміздің экологиялық жағдайын жақсартып қана қоймай, қоршаған ортаға деген ұқыптылық пен сүйіспеншілікті қалыптастырады. Ауылдың тазалығы мен сұлулығы — әрқайсымыздың ортақ мақсатымыз!