"Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы Жарлығын орындау шеңберінде 2025 жылғы 27 маусымда Денисов ауылдық округінің әкімі М.А. Утралиновтың Денисов ауылдық округінің ауылдарының тұрғындарымен есептік кездесулері өтті.
Ауылдық округ әкімі ауыл тұрғындарын 2025 жылдың өткен кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы хабардар етті, ауылдық округ қызметінің міндеттері, негізгі бағыттары және болашаққа жоспарлары талқыланды. Жарықтандыру, газбен жабдықтау, кентішілік жолдардың жай-күйі, энергиямен жабдықтау, келешекке арналған жоспарлар туралы мәселелер көтерілді. Тұрмыстық қоқыстарды шығаруға ерекше көңіл бөлінді. "Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасы аясында әкім ауылдық округтің барлық тұрғындарын өздерінің үй маңындағы аумақтарын абаттандыру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуге шақырды. "ЭПК-forfait" ЖШС энергиямен жабдықтау жөніндегі бастығының орынбасары электр қуатын өшіру туралы түсініктеме берді.
М. А. Утралинов есеп беру кездесулеріне қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді, барлық толық түсініктемелер берді. Есеп беру кездесулері барысында округ тұрғындары проблемалық мәселелерді көтеріп қана қоймай, өз ұсыныстары мен ескертулерін айтуға мүмкіндік алды. Бұл кездесулер екі жаққа да пайдалы.