Денисов ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

Денисов ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

Құрметті Денисов ауданының тұрғындары мен қонақтары!

2025 жылдың 11 маусым күні сағ. 14:00 – 18:00 аралығында Денисов ауданы Денисов ауылында, Денисов аудандық терроризмге қарсы жедел штабы «Денисов-Терроризмге қарсы-2025» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығуларын өткізеді.

Атқарылатын оқу-жаттығуларға байланысты Советская – Ленин – Октябрьская – Нурпеисов көшелерінде қозғалысқа шектеу қойылады.

Іс-шараның мақсаты  құқыққорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.

Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұраймыз.

 Терроризмге қарсы Денисов аудандық жедел штабы