
Бүгін, 2025 жылғы 16 мамырда «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Подело Е.Н. тұрақты бюджет комиссиясының отырысына және мәслихат сессиясына қатысты. Комиссия отырысында және мәслихат сессиясында «2024 жылға арналған аудандық бюджеттің және ауылдық округтер мен ауылдар бюджетінің атқарылуы туралы» мәселе қаралды. 2024 жылға арналған аудан бюджеті кірістер бойынша 102,6 пайызға орындалды немесе 6 404 217,6 мың теңге түсті. Бюджет шығыстары 6 647 221,6 мың теңгені құрап, бюджет 100 пайызға орындалды. 2024 жылға арналған ауылдық округтер мен ауылдардың бюджеті кіріс бөлігінде 101,7 пайызға орындалды немесе 1 566 023,7 мың теңге түсті. Ауылдық округтер мен ауылдар бюджеттерінің шығыстары 1 555 759,2 мың теңгені құрап, ауылдық округтер мен ауылдар бюджеті 100 пайызға орындалды.