Зайырлы мемлекеттің принциптері және олардың қоғамдағы маңызы

Зайырлы мемлекеттің принциптері және олардың қоғамдағы маңызы

Сәтті ықпалдасу мен өзара түсіністікті қамтамасыз ету мақсатында аудандық дін істері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Денисов ауданы ПБ ОКҚ жедел уәкілі, полицияның аға лейтенанты Астаев Таймас Нұрланұлы еңбек мигранттарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ол зайырлы мемлекеттің қағидаттары мен олардың қоғамдағы маңызы туралы түсіндірді.
Профилактикалық іс-шара аясында қатысушылар зайырлы мемлекеттің барлық азаматтарға, олардың шығу тегі мен дініне қарамастан, теңдік пен бостандықты қалай қамтамасыз ететіні жөнінде мағлұмат алды.
Спикер еңбек мигранттарының құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратпен бөлісіп, олардың қоғамға бейімделуіне қатысты көптеген сұрақтарға жауап берді.
Қатысушылар көтерілген тақырыпқа қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойды. Бұл кездесу ерекше мазмұнды әрі тиімді өтті.