Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті тыл еңбеккерлері, қонақтар мен

Денисов ауданының тұрғындары!

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Жыл өткен сайын тарихтағы ең қанды әрі есте қаларлық беттердің бірі өткенге айналуда. Сол қайғылы оқиғалардың куәгерлері жылдан жылға азайып барады, бірақ Жеңіс мерекесінің маңызы әлі де зор.

Соғыс жылдары біздің ауданнан майданға 2431 адам аттанды, олардың 1164-і қаза тапты немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылды. Тыл еңбеккерлерінің ортақ іске қосқан орасан зор үлесі баға жетпес. Біз бүгін арамызда жоқ жандарды, осы жеңіс пен басымыздағы ашық аспан үшін қарыздар болғандарды еске алып жүргенде ғана, бейбіт әрі бақытты өмір сүретін боламыз, жоспарлар құрып, оларды жүзеге асыратын боламыз.

Майдангерлерге, тыл еңбеккерлеріне, соғыс ардагерлерінің жесірлеріне терең тағзым етеміз!

Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, бақыт және ұзақ ғұмыр тілеймін.

 

Денисов ауданының әкімі                                  Р. Ж. Қатпаев