АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІНЕ МӘЛІМЕТ ҮШІН!

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ  ТАУАР  ӨНДІРУШІЛЕРІНЕ  МӘЛІМЕТ ҮШІН!

«Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 87 қаулысына және карантинді арамшөп- қызғылт у кекіре ошақтарын шектеу, оқшаулау және жою жөніндегі бекітілген  іс- шаралар жоспарына сәйкес мынадай жұмыстарды атқару қажет:

  1. Карантинді объектілердің тұқым материалдарын ( өсімдік карантині бойынша инспекторға өнім үлгілерін ұсыну) тиянақты жете тексеру
  2. Қызғылт у кекіре ошақтарының алаңдарын белгілеу .
  3. Механизаторлар ошақтар бойынша егістік алаңында себу жұмыстарына жол бермеу туралы түсіндірме жұмысын өткізу.
  4. Арамшөптің 2- 3 жапырағы өскен кезде үнемі механикалық өндеу және алаңдарының жерін жырту жұмыстарын жүргізу.
  5. Химиялық өндеу жұмыстарын өткізу.

Аталған тармақтарды орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкін.!!!

«Өсімдіктер карантині» Заңының 18- тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі және (немесе) жер пайдалануындағы жер учаскелерінде карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы Министрлігі

Агроөнеркәсіп кешеніндегі

мемлекеттік инспекция комитетінің

Денисов аудандық аумақтық

инспекциясының басшысы                               Ж.Абдикаликов