Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Құрметті Денисов ауданының қонақтары мен тұрғындары!

          Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы атап өтілетін жылы, бейбітшілік пен келісімді бағалайтын барлық қазақстандықтар үшін ерекше маңызға ие. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Ассамблеяның өз қызметі барысында қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға баға жетпес үлес қосқанын, шынайы бірлік пен теңдіктің, бейбітшілік пен үйлесімділіктің символына айналғанын атап өтті.

1 Мамыр – бұл әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспенішілік пен азаматтық борышты, ұлтаралық келісім мен өзара сенімді, жанашырлық пен тату көршілік, бейбіт өмірді ұлықтайтын мереке. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – халқымыздың ең қастерлі байлығы. Сол себепті әрбір азаматтың қасиетті міндеті – осы баға жетпес құндылықты қадірлеп, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету.

Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, мықты денсаулық, барлық бастамаларыңызға сәттілік, туған елімізге бейбітшілік пен гүлдену тілеймін! Қазақстан халқының достығы нығая берсін!

 

Денисов ауданының әкімі Р. Қатпаев