Жұпсыз жібек көбелегі

Жұпсыз жібек көбелегі

         Жұпсыз жібек көбелегі – карантиндік зиянкес, өйткені ол орман алқаптарына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Жұпсыз жібек көбелегі жапырақты ағаштарды, әсіресе қайың мен теректі жақсы көреді. Бұл зиянкестің таралуына жылы қыстар, көлікпен және ағаш материалдарымен тасымалдануы ықпал етеді.

      Оның өмірлік циклі төрт негізгі кезеңнен тұрады: жұмыртқа, жұлдызқұрт, қуыршақ және имаго. Аналық көбелектер жұмыртқаларын топтастырып ағаш қабығына және басқа да беттерге салады, бұл олардың қолайсыз жағдайларда тірі қалуына көмектеседі. Жұлдызқұрттар – негізгі зиянкестер, олар белсенді түрде ағаш жапырақтарын жеп, 6-8 апта ішінде 5-6 даму сатысынан өтеді.

           Қуыршақтардың дамуы және ересек көбелектің пайда болуы шілде айының басында басталып, шілденің аяғы – тамыздың басында аяқталады. Толық даму үшін 900-1000°С (тиімді температурасы +5°С-тан жоғары), 600-700°С (тиімді температурасы +10°С-тан жоғары) қажет.

        Ересек көбелектер шыққаннан кейін (шілде-тамыз) жаңа ұрпақтың өмірлік циклі басталады. Қыстайтын кезең жұмыртқа күйінде өтеді. Бұл түр суық температура мен қолайсыз жағдайларға төзімді. Қазақстанның солтүстік аймақтарында жылына бір ұрпақ береді.

 

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы  Министрлігі

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің

«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы»  Денисов ауданың республикалық мемлекеттік мекемесі