"EGov mobile"мобильді қосымшасы арқылы онлайн форматта құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуды ерікті түрде шектеу

"EGov mobile"мобильді қосымшасы арқылы онлайн форматта құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуды ерікті түрде шектеу

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша лудоманияның дамуына жол бермеу жөнінде шаралар кешенін қабылдау, сондай-ақ құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейту тапсырылды.
Осыған байланысты ағымдағы жылғы 18 наурыздан бастап Қазақстанның азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар үшін «eGov mobile» мобильдік қосымшасы арқылы онлайн форматта құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуды ерікті түрде шектеу туралы өтініш беру мүмкіндігі іске қосылды.
Жаңа қызмет өтінімдерді өңдеу мерзімдерін едәуір қысқартады және құмар ойындарға қатысудан өзін-өзі шектеу рәсімін жеңілдетеді. Бұл барлық азаматтарға, ең алдымен құмар ойындармен айналысатындарға, барлық лицензияланған ойын мекемелері мен букмекерлік кеңселердің заңды сайттарына кіруге бірден тыйым салуға мүмкіндік береді.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін баннерлер мен бейне нұсқаулар жасалды, оларды келесі сілтеме бойынша жүктеуге болады: https://youtube.com/shorts/_Nq7Zb_M-4Y?feature=share.