ҚР Экологиялық кодексі 376-бап. Құрылыс қалдықтарын басқару саласындағы экологиялық талаптар

ҚР Экологиялық кодексі 376-бап. Құрылыс қалдықтарын басқару саласындағы экологиялық талаптар

Құрметті Денисов ауданының тұрғындары!!!

қараусыз қалған ҚҰРЫЛЫС ҚОҚЫСТАРЫ  қоршаған ортаны ЛАСТАЙТЫНЫН еске саламыз.

 

Құрылыс қалдықтары деп ғимараттарды, құрылыстарды, өнеркәсіптік объектілерді, жолдарды, инженерлік және басқа да коммуникацияларды бұзу, бөлшектеу, реконструкциялау, жөндеу (оның ішінде күрделі) немесе салу процесінде пайда болатын қалдықтар түсініледі. 
       Құрылыс қалдықтары тікелей құрылыс алаңында немесе арнайы орында қалдықтардың басқа түрлерінен міндетті түрде бөлінуге жатады. 
      Бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес құрылыс қалдықтарын қалпына келтіру жағдайларын қоспағанда, құрылыс қалдықтарын қалдықтардың басқа түрлерімен араластыруға тыйым салынады. 
Құрылыс қалдықтарын арнайы белгіленген орындардан тыс жинауға тыйым салынады.


Біздің ауданның тазалығы-бұл әдемі көрініс қана емес, сонымен қатар біздің денсаулығымыз!