«Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Ұлттық рухани жаңғыру» лот бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру аясында Перелески, Алчановка, Антоновка, Денисовка ауылдарында «Таза аудан – таза жарнама» акциясын өткізді. Акцияның мақсаты - көрнекі ақпарат құралдарын «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының талаптарына сәйкес келтіру. Акциямен 126 нысан қамтылды.