«ҚР АШМ ВБ ж ҚК Денисов ААИ» ММ көрсетілетін ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер
Денисов ауданы бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың мәліметі алу үшін, «ҚР АШМ ВБ және ҚК Денисов ААИ» ММ келесі мемлекеттік қызметтерді ұсынады:
1.«Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру».
2.«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру».
3.«Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру».
4.«Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру».
5.«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру».
«ҚР АШМ ВБ және ҚК Денисов ААИ» ММ, 2023 жылдың басынан бастап жалпы саны 179 ветеринариялық сертификат, оның ішінде 8144,9 тонна көлемінде Иранға жемдік арпаны экспорттау үшін 111 ветеринариялық сертификат және Қытайға 2943,0 тонна көлмінде жемдік арпа экспорттау үшін 68 ветеринариялық сертификат берді. Кәсіпорындардың ветеринариялық-санитариялық Ережелерді сақтауы (сәйкессіздігі) бойынша 10 ветеринариялық-санитариялық қорытынды берілді. Жануарларды союды және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс орындарына (сою алаңдары) 4 тіркеу нөмірі берілді және 5 тіркеу нөмірінің қолданылу мерзімі ұзартылды. Иранға жемдік арпаны сатуға 13 рұқсат және Қытайға жемдік арпа сатуға бір рұқсат берілді. Мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне 104 сараптама актісі (сынақ хаттамалары) берілді.
Сондай-ақ, 2023 жылдың 24 қаңтарында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне, нақтырақ айтсақ «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін естеріңізге саламыз.
Көрсетілген қызметті алушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауап алу үшін Денисов ауылында Калинин көш.58, орналасқан «ҚР АШМ ВБ және ҚК Денисов ААИ» ММ жүгіну қажет, байланыс тел. 87058439339.