
Ауданда "Белсенді ұзақ өмір сүру" жобасын іске асыру жалғасуда, оның мақсаты егде жастағы және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын, әлеуметтік белсенділігін жақсарту болып табылады. Іс - шараларды ұйымдастыру ауылдық округтерге барып, бос уақытты өткізу үшін жағдай жасауға, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, егде жастағы және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың денсаулығын сақтау жүйесін жетілдіруге бағытталған. Жоба аясында Глебовка ауылындағы полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық және терроризмге қарсы әңгіме өткізді.