Құрметті еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері,
Құрметті аға буын өкілдері!
Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл күні өмір бойы жас ұрпаққа өз махаббатын сыйлайтындарға құрмет пен ризашылық білдіру әдетке айналған.
Бұл мереке қарт адамдарға шын көңілден тілектестік білдіру, көмек көрсетудің ерекше жылы түстерімен боялған және біздегі ең қымбат нәрсе – сіздерге - біздің мейірімді және дана адамдарымызға арналған.
Денисов ауданының аумағында 2900 зейнеткер және 71 тыл еңбеккері тұрады. Сіздің өмірлік жолыңыз сынақтарға толы. Сіз қиын, бірақ қуаныштан құр қалмаған өмірді бастан өткердіңіз, оның негізі еңбек – болашақ ұрпақ үшін еңбек болды.
Сіздің өмір жолыңыз – нағыз патриотизм мен туған жерге деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі, еңбексүйгіштіктің, табандылық пен абыройдың үлгісі.
Құрметті зейнеткерлер, еңбек ардагерлері! Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық тілеймін!
Денисов ауданы әкімінің міндетін атқарушы Р. Қатпаев