Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына сәйкес «Отбасы банкі» АҚ 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап «Дипломмен ауылға!» бағдарлама бойынша сенім білдірілген өкіл (агент) болып айқындаған.
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша қарыз алушылардың «Отбасы банкі» АҚ-дағы ағымдағы шоттарының ұзақ ашылу процесіне байланысты, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ төлемдерді қабылдауды және 2023 жылғы 31 мамырға дейін «Отбасы банк» АҚ-ға күн сайын ақша қаражатын аударуды жүзеге асырды.
Осымен «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша 2023 жылғы 31 мамырдан бастап қарыз алушылардан төлемдерді қабылдауды тоқтатылғаны туралы және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ағымдағы шоттарына төлем жасау үшін қолжетімділік жабылдғанын хабарлаймыз!
Осыған байланысты, мерзімі өткен берешектің пайда болуын болдырмау үшін, қарыз алушыларға, ағымдағы шоттарды ашу және «Отбасы банк» АҚ-ның шоттарына төлемдерді төлеу қажеттігі туралы еске саламыз