Орталық Азиядағы технологиялардың болашағы GO Digital Eurasia да талқыланады

Орталық Азиядағы технологиялардың болашағы GO Digital Eurasia да талқыланады

Go Digital Eurasia — бұл Орталық Азиядағы технологиялардың болашағын талқылауға арналған ең ірі алаң. Конференция-көрмеге 15-16 маусымда Астана қаласында қосылуға болады.

Іс-шара өзекті тақырыптарды талқылауға арналған алаңға айналады және бизнес пен өнеркәсіпті цифрландырумен айналысатын ірі кәсіпорындар мен корпорациялардың басшыларына бағытталған.

Биылғы жылы go digital Eurasia конференциясының бағдарламасы цифрлық трансформацияның үздік құралдары мен тәжірибелерін және табысты ұйымдар жүзеге асыратын ең перспективалы инновациялық жобаларды қамтитын үш ағынмен ұсынылатын болады:

Digital Enterprise: экономиканың негізгі салаларынан ірі корпорацияларды цифрлық трансформациялау жағдайлары;
Digital Oil&Gas: мұнай-газ секторы компанияларын цифрландыру бағдарламаларын іске асыру;
Digital Mining&Metallugry: металлургия мен тау-кен саласындағы озық технологиялар мен цифрлық трендтер.

Іс-шараның ресми сайтында тіркеліп, 2023 жылдың жазында Астанадағы цифрлық даму энтузиастары қауымдастығына қосылыңыз.