Құрметті Денисов ауданының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті Денисов ауданының тұрғындары мен қонақтары!  Сіздерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерді келе жатқан көктем мерекесі Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Барлығымыз үшін бұл мереке біріктіруші күшке, көктемгі жаңарудың, құнарлылық пен достықтың бүкілхалықтық салтанатына, бауырластықтың, төзімділіктің символына айналды. Наурыз ежелден адамдарды жақындастырып, олардың жан дүниесінде бейбітшілікке, жақсылық пен өзара көмекке деген ұмтылысты оятты. Бұл күні ренішті кешіру, басқаларға қуаныш пен мейірімділік сыйлау дәстүрі бар.

         Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдік экономикалық қиыншылықтармен тиімді күресуде, бұнда біздің еліміздің әрбір азаматының елеулі еңбегі бар. Қиын кезеңдерде басты құндылықтар - бірлік пен тұрақтылық - барлық қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту жолындағы қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Қазақстан бұл қиындықты да еңсеріп, дамудың жаңа кезеңіне аяқ басады деп нық сенемін.

         Барлық қиындықтар бізді айналып өтсін. Бірлік барда алынбайтын асу жоқ. Көктем мерекесінің шуағымен бірге шаңырақтарымызға жақсылық пен бейбітшілік, береке мен амандық, денсаулық пен өзара түсіністік кірсін.       

 

        

 

Денисов ауданының әкімі Б. Нұрғалиев