2022 жылғы медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысының қорытындылары туралы брифингте айтылды

2022 жылғы медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысының қорытындылары туралы брифингте айтылды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2022 жылы МӘМС жүйесінің жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті. Қостанайлықтарға қандай көлемде медициналық көмек көрсетілгені туралы Қостанай облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры филиалының директоры Батырбек Нұрғалиев айтып берді.

Бүгінгі таңда Қостанай облысының тұрғындарына 66 жеткізуші медициналық көмек көрсетеді, оның 23-і жеке меншік.  2022 жылы Қор жеткізушілерінің қатарына 4 медициналық ұйым кірді.

"3 жыл бұрын КТ/МРТ сияқты қымбат диагностиканың түрлері азаматтардың жекелеген санаттарына ғана тегін қолжетімді болды және олар бойынша іс жүзінде жеткізушілер болмады. Енді МӘМС қаражаты есебінен бұл қызметтер барлық сақтандырылған азаматтарға айғақтар болған жағдайда қолжетімді болды. 2022 жылы КТ/МРТ тексерулерінің саны 40 267 құрады, 2021 жылдың осы кезеңінде 29 532 жүргізілді немесе 36% - ға аз", - деді Батырбек Нұрғалиев.

2022 жылы 5,2 млн-нан астам консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1 млн-ға артық қызмет.  Бұл қызметтерге 2022 жылы Қор 11 млрд теңге бөлді, ал 2021 жылы бұл мақсаттарға 7,1 млрд теңге жұмсалды.

Стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек 2022 жылы 13,4 млрд теңге сомасына 110 мың қызмет көрсетілді, бұл 2021 жылғы қаржыландыру деңгейінен 11% - ға жоғары.

Жыл сайын жоғары технологиялық медициналық көмекті қаржыландыру көлемі өсуде. Бұл интракраниальды артерияларға стенттерді имплантациялау, бас және мойын тамырларына операция жасау және жүрекке операция жасау.

Осындай бір жоғары технологиялық операцияның құны 7 млн теңгеден асады, оны пациентке медициналық сақтандыру Қоры төлейді. 2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ЖТМУ МӘМС есебінен 410 млн теңгеге 76 пациент алды. 2023 жылға 558 млн теңге сомасына 102 операция жүргізу жоспарланған. 2023 жылы медициналық оңалтуды одан әрі дамыту жалғастырылады. Егер 2022 жылы 204 мың оңалту қызметі көрсетілсе, 2023 жылы 236 мың қызмет көрсету жоспарланған, бұл мақсаттарға өткен жылмен салыстырғанда 534 млн теңгеге көп қаражат салынды.

Өздеріңіз білетіндей, 2022 жыл балалар жылы деп жарияланды. Қазақстандағы балалар МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылған-ЖСН алған сәттен бастап кәмелетке толғанға дейін бала үшін жарналарды мемлекет төлейді. Бұл балаларға медициналық көмекті кепілдендірілген көлем шеңберінде ғана емес, сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кіретін көлемде алуға мүмкіндік береді. МӘМС жүйесін енгізу балалар денсаулығының алдын алуға және емдеуге көбірек қаражат жұмсауға мүмкіндік берді.

2022 жылы тәулік бойы және күндізгі стационарларда осы кезеңде жалпы сомасы шамамен 3 млрд теңгеге 27 мың бала емделді, оның ішінде ауыл деңгейінде 559 млн теңгеге 4 мың бала емделді.

МӘМС жүйесін енгізу медициналық оңалту сияқты маңызды бағытты дамытуға мүмкіндік берді. Көрсеткіштер бойынша қалпына келтіру еміне балалар тегін жіберіледі. 2022 жылы балалардың тәулік бойы және күндізгі стационарлар жағдайында оңалтудан өтуінің 2600 жағдайы үшін 421 млн теңге қаржыландырылды. Аурудың алдын алу маңызды. Мектеп медицинасы шеңберінде балаларды тексеруге 2022 жылы 857 млн теңге төленді. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында 27 мың бала 763 млн теңгеге 99 мың бірлік дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.

"Осылайша, МӘМС жүйесі медициналық көмекті қаржыландыру үшін белгілі бір қолайлы жағдайлар жасайды, бірақ қазір медициналық көмекті ұйымдастырудың өзі, клиникалардағы менеджмент деңгейі, пациенттерді дұрыс бағыттау бірінші орынға шығады", - деп атап өтті спикер.