1 қазан – халықаралық Қарттар күні

1 қазан – халықаралық Қарттар күні

Біздің елімізде көптеген мерекелермен қатар көпшілікке жағымды мереке -қарттар Күні. Бұл адамдар бүкіл өмірін еңбекке, балаларды тәрбиелеуге арнады.

2022 жылғы 30 қыркүегінде аудандық мәдениет үйі Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп аудандық мәдениет Үйінің фойесінде «Кулинарный поединок» тағамдар көрмесін ұйымдастырды, оған Ридченко Галина, Тверетинова Надежда, Король Надежда, Имаканова Магрифа, Драченова Тамара, Коротких Татьяна, Кенжегулова Кимендивик, Аманшина Светлана қатысты. Көрмеге қатысушылар грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Аудандық мәдениет Үйінің көрермендер залында «СУПЕР – ӘЖЕ» конкурстық бағдарламасы және қарттардың «Души серебряные струны» аймақтық шығармашылық фестивалі өтті.

«СУПЕР – ӘЖЕ» конкурстық бағдарламасына Фрунзенское ауылынан Ильясова Вера Алексеевна, Денисовка ауылынан Тверетинова Надежда Ивановна, Жалтыркөл ауылынан 3 орынға  ие болған Зиненко Елизавета Алексеевна, Перелески ауылынан 2 орынға  ие болған Проскурина Надежда Ивановна және Приреченка ауылынан 1 орынға  ие болған Реннер Сафина Ягфаровна қатысты.

Аймақтық шығармашылық «Души серебряные струны» фестиваліне ән мен музыкаға деген сүйіспеншілік біріктіретін әр түрлі мамандықтағы адамдар қатысты. Фестиваль қатысушылары көрермендерге ұмытылмас және жағымды эмоциялар сыйлады. Бейімбет Майлин ауданы, Денисовка, Жалтыркөл, Перелески, Фрунзенское және Приреченка ауылдарының әртістеріне шығармашылығы, оптимизмі мен белсенділігі үшін рахмет.