"Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ Сіздің назарыңызға мемлекеттік қызметтер көрсетуді айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы жеткізеді.

"Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ Сіздің назарыңызға мемлекеттік қызметтер көрсетуді айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы жеткізеді.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер "электрондық үкімет" Веб-порталы арқылы көрсетіледі. www.egov.kz, www.elicense.kz 

Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу"мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі-10 (он) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық хат – эскизді (эскиздік жобаны) келісу болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

нысан бойынша өтініш
эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесі.

      "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну"мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

күрделі емес объектілерді жобалауға:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) беруге - 6 (алты) жұмыс күні;

бастапқы материалдарды алуға-15 (он бес) жұмыс күні.

     2) күрделі объектілерді жобалауға:

СЖТ беруге-15 (он бес) жұмыс күні;

бастапқы материалдарды алуға-17 (он жеті) жұмыс күні.

Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй – жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды және рұқсат беру құжаттарын алу үшін өтінішті қарау мерзімі-Өтініш берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

- нысан бойынша СЖТ электрондық көшірмесі;

- жаңа құрылысқа бастапқы материалдардың электрондық көшірмесі;

- қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдардың электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшін:

  - нысан бойынша бастапқы материалдарды ұсыну туралы өтініш;

  - жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі;

  - нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.

қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алу үшін:

- нысан бойынша бастапқы материалдарды ұсыну туралы өтініш;

- егер өзгерістер объектінің ортақ мүлкіне қатысты болса, тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлері) меншік иелерінің жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;

- өзгертілетін үй-жайдың техникалық паспортының электрондық көшірмесі (бар болса);

- сауалнама парағының электрондық көшірмесі;

 - жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (егер қайта жаңарту жер учаскесін қосымша бөлуді көздейтін болса);

- техникалық жобаның электрондық көшірмесі.

"Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру "мемлекеттік көрсетілетін қызметі (I кезең)

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;

2) жер учаскесінің орналасу схемасының электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

- келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау-28 жұмыс күні.

 "Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу)жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні
2) Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 10 (он) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

- көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған нысан бойынша өтініш;
- объектіні мердігерлік тәсілмен бұзу жағдайында мердігерлік жұмыстарға Шарттың электрондық көшірмесі ұсынылады;
- егер жылжымайтын мүлік объектісінде бірнеше меншік иесі болған жағдайда, объектінің басқа меншік иелерінің кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге және оның параметрлеріне нотариалды куәландырылған жазбаша келісімінің электрондық көшірмесін ұсыну қажет;
- егер құрылыстарды бұзу бойынша жұмыстар кешенін жүргізу шектес Үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, онда шектес Үй-жайлар (үй бөліктері)меншік иелерінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімінің электрондық көшірмесін ұсыну қажет.;
- ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшы не құрамында аттестатталған сарапшылары бар аккредиттелген ұйым беретін ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптамалық қорытындының көшірмесі;

 -ЖАЖ /жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының электрондық көшірмесі.