19 маусым - медицина қызметкерлерінің күні. Құрметті денсаулық сақтау қызметкерлері!

19 маусым - медицина қызметкерлерінің күні. Құрметті денсаулық сақтау қызметкерлері!

Шын жүректен Сіздердің кәсіби мерекелеріңізбен – Қазақстан Республикасының медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймын.

Бүгін елімізде ауқымды реформалар жүріп жатыр, денсаулық сақтау жүйесін жаңартуға маңызды рөл бөлінеді. Отандық медицина алдында үлкен және жауапты міндеттер тұр.

Денсаулық сақтау саласында бүгінде көптеген бірегей мамандар, еңбекқор әрі жауапты кәсіпқойлар жұмыс жасап жатыр, жаңа технологиялар және диагностика мен емдеудің инновациялық әдістері игеріліп жатыр.

Біздің дәрігерлер мен медбикелерге, техникалық қызметкерлерге, денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне ризашылығымыз шексіз. Адал қызметіңіз, мейірімділік пен азаматтарымыздың денсаулығына қамқорлығыңыз үшін  ең жылы, шынайы алғысымызға лайық жандарсыз.

Құрметті медицина қызметкерлері!

Сіздің жанкешті, игілікті еңбегіңізге табыс тілеймін. Отбасыларыңызға, туған-туысқандарыңызға бақыт пен құт-береке тілеймін.

 

Денисов ауданының әкімі Б. М. Нұрғалиев