ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 53-БАБЫНДА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛЕДІ

ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 53-БАБЫНДА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛЕДІ

Бұл мақалада Парламенттің палаталардың бірлескен отырысындағы әрекеттері мен өкілеттіктері көрсетілген.

Мұндай түзетулерді енгізу ұсынылады:
53-бапта:
1) мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) конституциялық заңдар қабылдайды;
1-2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған конституциялық заңдар немесе Конституциялық заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде қайталап талқылау мен дауысқа салу өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент әр Палата депутаттарының жалпы санының төрттен үш көпшілік даусымен Президенттің қарсылығын еңсерсе, Президент бір ай ішінде конституциялық заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, Конституциялық заң қабылданбады деп немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі";
2) 2) тармақшадағы "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің" деген сөздер "Жоғары аудиторлық Палатаның"деген сөздермен ауыстырылсын;;
3) 6) тармақшадағы "Кеңес" деген сөз "Сот"деген сөзбен ауыстырылсын.