Қазіргі уақытта ҚР Конституциясында Парламент Мәжілісінің депутаты мандатынан айрылатын екі тармақ көрсетілген:
1) депутат Конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған кезде;
2) Конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады.
Осы тармаққа түзету енгізу ұсынылады. Жоғарыда санамаланған мән-жайлар сақталатын болады, "бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты Конституциялық заңда айқындалған тәртіппен сайлаушылардың кері қайтарып алуы"қосылады.