1. "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы Адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
2. Конкурсқа өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады.
3. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысатын отбасылар жіберіледі.
4. Конкурсқа отбасылар қатыспайды:
1) қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар мүшелер;
2) бұрын сотталған мүшелері.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім қағаз немесе электрондық нұсқада мына мекен-жай бойынша беріледі: Денисовка ауылы,Калинин көшесі, 5, эл адрес ovp_den 2022 жылдың 15 мамырынан 15 маусымына дейін:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі;
6) заңды және (немесе)жеке тұлғалардың (кемінде екі) ұсыным хаттары;
7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі;
8) қоғамдық пайдалы қызметке қатысқанын растайтын құжаттардың көшірмелері (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік);
9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру арқылы жүзеге асырылады;
10) фотоматериалдармен презентация (10-12 слайдтан артық емес).
Аудандық комиссия 29 маусымға дейінгі мерзімде облыстық комиссияға қатысу үшін іріктеу жүргізеді және екі отбасын айқындайды.
Үздік отбасыларды анықтау кезінде критерийлер бағаланады:
1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңыздылығы (Отбасы тарихы – визит карточкасы – таныстыру рәсімі);
2) отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлер;
3) отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары;
4) балалары мен немерелерінің жетістіктері (Бар болса);
5) ата-аналардың рөлдік модель ретіндегі жетістіктері;
6)отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің – бір аумақта бірге тұратын бірнеше ұрпақ өкілдерінің саны);
7) отбасының таланттары;
8) отбасының өмір салты (салауатты өмір салты, бос уақыт);
9) қоғамдық пайдалы қызметке қатысу (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық);
10) жетім балаларға қамқоршылық, тәлімгерлік.
Байқау жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапатталады.
Конкурсқа қатысушылар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушылардың интернет-ресурстарында орналастырылады