Қостанайлықтар мемлекеттік қызметтерді бейне қоңырау арқылы ала алады

Қостанайлықтар мемлекеттік қызметтерді бейне қоңырау арқылы ала алады

Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп енгізетін «ХҚКО» жаңа мобильдік қосымшасында ала алады. Қосымша смартфон арқылы бейне қоңырау арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді.

Ақмола, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстарының операторлары пилоттық режимде «ХҚКО» қосымшасы арқылы клиенттерден шақыруларды қабылдап жатыр.

2021 жылдың қыркүйегінде «ХҚКО» мобильдік қосымшасы арқылы пилоттық режимде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі бекітілді. Олардың арасында соттылығы жоқ туралы анықтама алу, зейнетақы қорынан үзінді көшірме, жылжымайтын мүлкі бар туралы анықтама алу, тіркеуден шығару және т. б. бар.

Қосымшаның функционалдығы бірнеше қызметтерден тұрады. Клиент ХҚКО кезекке тұрып, QR-кодтың көмегімен талон ала алады, бөлімшенің жұмыс тәртібі мен мекенжайын біліп, қажетті байланыс ақпаратын таба алады.

«ХҚКО» мобильдік қосымшасы PlayMarket-тен жүктеу үшін қолжетімді және жақын арада AppStore-да пайда болады. Әзірге бета-нұсқасы қолжетімді, бірақ қазақстандықтар қосымшаны пайдалана алады. Қосымшаны сынақтан өткізген арнайы фокус-топ құрылды. Тестілеу қорытындысы бойынша фокус-топ қатысушылары кейбір техникалық мәселелер бойынша өз ұсыныстарын қалдырды. Функционал пысықталып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны артатын болады. Бұл қосымшаны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалы -ХҚКО жұмысының жаңа форматы  - деп хабарлады.

Қазіргі уақытта «ХҚКО» мобильдік қосымшасын мыңнан астам қазақстандық жүктеп үлгерді.