Қазақстандықтар 2020 жылға жер мен мүлік салығын қалай төлейді

Қазақстандықтар 2020 жылға жер мен мүлік салығын қалай төлейді

Салық заңнамасындағы өзгерістерге сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғаларға тиесілі жылжымайтын мүлік пен жер салығы осы адамдар үшін бірыңғай салыққа біріктірілді.

Осыған байланысты салықтың есептелген сомасы жылжымайтын мүлік пен жер учаскесі бойынша міндеттемелерді қамтиды, сонымен қатар бір сомамен төленеді.

2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанда аяқталады.

Мүлік салығының сомасы туралы оны төлеу мерзімі басталғанға дейін және дайын деректемелер бойынша төлем жүргізу мүмкіндігі туралы комитет сайтындағы "алдағы төлемдер" сервисінен, сондай-ақ банктердің мобильді қосымшаларынан білуге болады.

Салық салу объектілері туралы e-salyk Azamat мобильді қосымшасының "Салық әмияны" бөлімінде көруге немесе осы объектілердің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуге болады.