2021 жылы 22 қыркүйек күні «Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы» КММ-де 2021 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында берген тапсырмасына орай интеркультурализм қағидаттарын ілгерілету мақсатында өзге этнос өкілдерінің қатысуымен Ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 180-жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» тақырыбында облыстық диктант өтті. Диктантқа 10 өзге этнос өкілдері қатысты және жоғары нәтижелер көрсетті.