КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Конкурсты ұйымдастырушы: «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ;

Орналасқан жері: Қостанай қаласы; Тәуелсіздік көшесі 85, 1 қабат, 5 каб.;

Пошталық мекен-жайы: 110000, Тәуелсіздік көшесі, 85, 1 қабат, 5 кабинет;

Электрондық пошта мекенжайы: upp@kostanay.gov.kz;

Байланыс телефоны: 8 (714-2) 902-058, 902-060;

Конкурстың нысанасы: «Бизнестің жол картасы-2025»бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған және ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге (экономиканың басым секторларында өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру;

Конкурс нысаны: ашық конкурс;

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орындары: «электрондық үкіметтің» веб-порталы eGov.kz. субсидиялаудың ақпараттық жүйесі Qoldau.kz.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер eGov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, Qoldau.kz субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын электрондық нысанда ұсынады. 

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2021 жылғы 26 шілде мен 4 тамыз аралығында жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (жергілікті уақыт), түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінімдерді тапсыруды бастау күні мен уақыты: 2021 ж.26 шілде сағат 10:00 (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді тапсыруды аяқтау күні мен уақыты: 2021 жылғы 4 тамыз сағат 13:00-ге дейін (жергілікті уақыт).

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.

Осы хабарландырумен, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтінімдер беру жөніндегі бейне нұсқаулықпен және мемлекеттік гранттар беру қағидаларымен «Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

Өтінімді дайындау, құжаттарды жинау/қабылдау және конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді беруге көмек мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу орындары: Денисов ауданының кәсіпкерлері үшін: «Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлім» ММ, пошталық мекенжайы: 110500, Денисовка ауылы, Калинин көшесі 5,. 17 кабинет. электрондық пошта мекенжайы: denispredpin@mail.kz; байланыс телефоны: 8 (714-34) 2-17-65.

 

https://www.instagram.com/tv/CHXEfedAWyW/?utm_medium=share_sheet

https://www.instagram.com/tv/CHXFCCDgJqq/?utm_medium=share_sheet