Қостанайлық ХҚКО брондауға оралады

Қостанайлық ХҚКО брондауға оралады

Қостанай облысының бас санитарлық дәрігерінің №18 қаулысына сәйкес, 5 шілдеден бастап Қостанай, Рудный және Тобыл ХҚКО клиенттерді тек алдын ала жазылу бойынша қабылдайтын болады. Кезекті брондау-міндетті шарт. Бұл шара адамдардың жаппай жиналуына және вирустық аурулардың таралуына жол бермеу үшін қабылданды. 

Қазір, Қостанай облысының ХҚКО жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі күндері кесте екі есе: қалалық ХҚКО-тары да 9.00-ден 18.00-ге дейін, аудандық ХҚКО-тары 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

«5 шілдеден бастап Қостанай қаласының Халыққа қызмет көрсету бойынша 1, 2, 3 бөлімдеріне, Мамандандырылған ХҚКО, Рудный және Тобыл ХҚКО-на бару үшін кезекті міндетті алдын ала брондау қайтарылады. Барлық Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде (шектеусіз!) клиенттер өздерінің мәртебесін «Ashyq» қосымшасы арқылы растайтын болады», - деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Қанат Төлепұлы.- Сонымен қатар, алда бізді демалыс күндері күтіп тұр. Біздің облыстың ХҚКО-тары алты күндік болғандықтан, сенбі, 3 шілде күні олар сенбі кестесі бойынша, ал дүйсенбі, 5 шілде күні күтілгендей – 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейтін болады».
ХҚКО-на кезекті бірнеше тәсілмен брондауға болады. Біріншісі- egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы («ХҚКО кезекті онлайн брондау» бөлімінде жеке деректерді толтыру, ХҚКО-ның мекенжайын және бару күні мен уақытын көрсете отырып, қызметті таңдау қажет). Осылайша, 1414 байланыс орталығының операторының көмегін пайдалануға болады. Жүгінген кезде дауыстық мәзірден «Кезекті брондау» таңдау және оператор арқылы брондау қажет.

Брондаудың тағы екі әдісі ұялы телефондарда қол жетімді. Бұл Telegram мессенджеріндегі eGovKzBot2.0 боты. Бас мәзірде «ХҚКО-на кезекті брондау» сервисін таңдау, ЖСН енгізу, ХҚКО орналасқан елді мекенді таңдау, қажетті қызметті, бару күні мен уақытын көрсете отырып, ХҚКО-ның өзін таңдау қажет.
Брондау egov mobile қосымшасы арқылы да қолжетімді. Ол үшін қосымшаны жүктеу, авторлану және «ХҚКО-на кезекті онлайн брондау» бөлімінде жеке деректерді толтыру, ХҚКО, қызметті, баратын күні мен уақытын таңдау қажет.
Кеңес: тапсырыс уақытынан 5-10 минут бұрын келу керек.