Құрметті полиция қызметкерлері мен ардагерлері!

Құрметті полиция қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңіз – Полиция күнімен құттықтаймыз! 

Бұл сізге мінсіз қызметі, өз Отанының мұраттарына адалдығы, ардагерлерге құрмет көрсету және қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін құрбан еткендерді бір минут үнсіздікпен еске алу мүмкіндігі үшін терең ризашылық сөздерін айтуға болатын тамаша күн.

Тәртіп сақшысының халыққа жанқиярлық қызмет туралы анты үлкен жауапкершілік жүктейді, өйткені әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығы біздің мемлекет үшін басты құндылықтардың бірі.

Тәуелсіздік жылдарында ішкі істер органдары қалыптасу кезеңдерінен өтті, материалдық жағынан да, моральдық жағынан да өсті. Олар қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, қылмыстарды ашу арқылы қоғамның дамуына баға жетпес үлес қосады.

Полиция қызметкерлері алдағы уақытта да қоғам мен мемлекеттің мүдделерін, республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, өздерінің азаматтық және қызметтік борышын абыроймен атқаратынына кәміл сенеміз.

Ауданымыздың полицейлері блок бекеттерде қызмет атқару кезінде вирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша үлкен шыдамдылық, төзімділік танытты, тұрғындар арасында карантиндік шараларды сақтау бойынша кең түсіндіру жұмыс жүргізді.

Адал қызмет еткеніңіз үшін, таңдаған мамандығыңызға адал болғаныңыз үшін және заңға адал қызмет еткеніңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Өзіңізге жүктелген кәсіби міндеттеріңізді лайықты түрде орындауыңызды және бастысы - адамдардың сенімі болып табылатын, қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін. Мықты денсаулық және отбасыларыңызға амандық!

Денисов ауданының әкімі Б. Нұрғалиев