Құрметті Мемлекеттік қызметшілер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті Мемлекеттік қызметшілер!  Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік мекемелер ҚР Президенті мен Үкімет айқындаған республикамыздың қалыптасуы мен дамуының стратегиялық бағыттарын іске асырудың базалық негізі болып табылады.

Мемлекеттің күші - оның қызметкерлерінде; мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды шешудің сәттілігі көбінесе жұмыс тиімділігіне, тәжірибе мен жанқиярлыққа байланысты. Сізден жоғары кәсіби деңгей, адамгершілік, отансүйгіштік, заңдылықты сөзсіз сақтау талап етіледі.

Әлеуметтік және экономикалық өзгерістер көбінесе сіздің қызметіңізге байланысты. Сонда ғана ел жоғары кәсіби, ұйымдасқан, құқықтық және нәтижелі басқаруы болған кезде табысты және гүлденген болады.

Сіздердің күш-жігеріңіз алдағы уақытта да қазақстандық мемлекеттілікті дамытуға, демократияны қамтамасыз етуге, елдің экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатының өсуіне бағытталатын болады деп сенемін.

Жұмысыңыз және мемлекеттік қызметке адалдығыңыз үшін рахмет!

Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық және Отанымыз - Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін.

Денисов ауданының әкімі  Б. Нұрғалиев