2021 жылғы 12 мамырдағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 12 мамырдағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 12 мамырда Қостанай облысында COVID-19-дың 26 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,17 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 12, Рудныйқ. - 4,Арқалық қ., Амангелді және Жангелді аудандарында 2-ден, Жітіқара қ., Алтынсарин, Сарыкөл және Федоров аудандарында 1-ден.
16 адам өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 8 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған.
Індет жұқтырғандардың ішінде 18 адамда ауру белгілері болды, 8 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 12 мамыр аралығында COVID-19-дың 15041жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 14450.