«Ашық бюджеттер» интернет-порталы

«Ашық бюджеттер» интернет-порталы

Қостанай облысында 2018 жылдан бастап «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Облысты цифрландырудың өңірлік Жол картасы бекітілді, ол 13 бағыт (білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, ТКШ, көлік, ауыл шаруашылығы, экология, қалалық басқару, ШОБ, туризм және өнеркәсіп, құрылыс және әлеуметтік сала) бойынша іске асырылады және өмірдің барлық салаларын қамтиды.

Мемлекет басшысы белгілеген мемлекеттік органдардың тиімді қызметінің басым бағыты «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасын енгізу болып табылады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»  Тұжырымдамасының  бағыттарының бірі «Ашық бюджеттер» интернет –порталы болып табылады.

«Ашық бюджеттер» www.budget.egov.kz интернет-порталы  мемлекеттік органдардың бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастыруы, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылауды  орналастыруы үшін жалпыға қолжетімді сервис.

Порталда  әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша әрбір министрлік пен ведомство ақшаны қайда, неге  және не үшін жұмсайтыны туралы барлық ақпаратты табуға болады. Ыңғайлы болу үшін сайтта бюджеттік процестерді жоспарлауға және бюджеттің орындалуына қатысты барлық құжаттар бір тізімде жинақталған.

Ашық  бюджет – тиімді. Бұл техникалық жағынан да, саяси жағынан да пайдалы. Өйткені, ашықтық рейтингтерді ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қаржыны басқарудың тиімділігін жақсартады және арттырады.