Қазақстанның 100 жаңа есімі-2021

Қазақстанның 100 жаңа есімі-2021

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Қазақстанның 100 жаңа есімі-2021» республикалық жобасына қатысу қорытындысы бойынша Қостанай облысынан 2 қатысушы жеңімпаз атанды: Байжанов Амантай және Денисов ауданы Свердловка а. «Колос-Фирма» ЖШС директоры Корнеева Инна.

30 сәуірде Астана қаласында өткен салтанатты шарада жеңімпаздарды еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев құттықтап, алғыс айтты. Мемлекет басшысы өз сөзінде жоба жеңімпаздары - біздің халқымыздың мақтаныштары, өзге елдер Қазақстанды осы азаматтар арқылы танып, бағалайды, деп айтты.

 

«Біз түрлі салада жетістікке жеткен осындай отандастарымыздың еңбегін дәріптеуіміз керек. Өйткені табысты жандардың тәжірибесі әрдайым басқаларға үлгі-өнеге. Өскелең ұрпақ өздеріңізге қарап бой түзейді, ұқсауға тырысады. Мен еліміздің әрбір перзенті сіздер сияқты өнегелі болсын деп тілеймін... «Жүз жаңа есім» жобасы қазақстандық арманның анық іске асқанын көрсетеді. Әрбір талантты, еңбекқор, мақсатшыл адам осы заманның батыры және ұлт мақтанышы бола алады. Сіздер сияқты табысты азаматтар неғұрлым көп болса, еліміздің бәсекеге қабілеті соғұрлым арта түседі. «Жүз жаңа есім» жобасының мақсаты да – осы.

2020 жылы Корнеева Инна Робертовна ауданымыздың аумағында жүзеге асырылатын қайырымдылық және әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысқаны үшін «Жомарт Жүрек» сыйлығының лауреаты атанғанын атап өткен жөн.

Инна Робертовнаны жеңісімен құттықтаймыз! Сізге шын жүректен табыстар мен жаңа жеңістер, аудан мен еліміздің игілігі үшін барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!