Сіздерді бейбітшілік пен өркендеудің қазақстандық жолының символы, ертеңгі күнге деген сеніміміздің қайнар көзі болып табылатын Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаймын.
Қазақстан халқының бірлігі күні - ең бірегей мемлекеттік мерекелердің бірі. Біз үшін, көп ұлтты және көп қырлы, бәрімізге бірдей туған ел болып табылатын, барлық халықтардың өкілдері өз мәдениеттерін дамытуға, ана тілін, салт-дәстүрлерін сақтауға тең құқығы бар елде тұратын адамдарға, бұл мереке ерекше қымбат. Тек достық пен келісімде ғана біз барлық қиындықтарды жеңеміз.
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, көктемгі тамаша көңіл-күй, жасампаз еңбекте табыс, бейбітшілік, бақыт және үйлеріңізде молшылық тілеймін.
Денисов ауданының әкімі Б. Нұрғалиев