Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 8 наурызда Қостанай облысында COVID-19-дың 50 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,39 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қаласының 25 тұрғыны, Рудный қ. - 6, Әулиекөл ауданында -5, Лисаковск қаласы және Қарасу ауданында 3-ден, Денисов, Қамысты және Федоров аудандарында 2-ден, Меңдіқара және Б.Майлина аудандарында 1-ден.
38 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 9 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 3 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 42 адамда ауру белгілері болды, 8 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 8 наурыз аралығында COVID-19-дың 12825 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 11412.