Құрметті ару жандар, аяулы аналар!

Құрметті ару жандар, аяулы аналар!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін. Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер.

 Ана қуанышы, әйел қуанышы — әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Сіздер ерлер үшін сенімді тірек, ақылшы кеңес берушілер, адал доссыз; қоғамдағы бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың негізгі қорғанысыз.

Бүгін Сіздер аудан мен елдің өміріне белсенді қатысып, оның тұрақты дамуына деген қозғалысын қамтамасыз етесіз. Сіздердің күш-жігеріңіз экономика, әлеуметтік сала, рухани өмірдегі оң өзгерістерге жаңа серпін береді.

Даналық пен түсіністік үшін, еңбекқорлық пен шыдамдылық үшін рахмет. Әйел дәстүрлі түрде бейнелейтін бұл құндылықтар кез-келген кедергілерді жеңуге, өмірді жетілдіруге  және мейірімді етуге көмектеседі.

Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін!

Денисов ауданының әкімі  Б. Нұрғалиев