Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 4 наурызда Қостанай облысында COVID-19-дың 59 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,48 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қаласының 31 тұрғыны, Рудный қ. -8, Денисов ауданда -4, Алтынсарин және Қостанай аудандарында 3-ден, Жітіқара, Б.Майлина және Ұзынкөл аудандарында 2-ден, Әулиекөл, Қарабалық, Меңдіқара аудандарында және Лисаковск қаласында 1-ден.
39 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 18 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 2 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 49 адамда ауру белгілері болды, 10 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 04 наурыз аралығында COVID-19-дың 12617 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 11227.