Қостанай облысында 2021 жылғы 28 ақпандағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында 2021 жылғы 28 ақпандағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 28 ақпанда Қостанай облысында COVID-19-дың 62 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,50 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қаласының 42 тұрғыны, Рудный қ. - 5, Лисаковск қ. және Б.Майлин, Меңдіқара аудандарында 1-ден, Жітіқара, Алтынсарин аудандарында 2-ден, Әулиекөл және Қостанай аудандарында 4-ден.
36 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 25 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 47 адамда ауру белгілері болды, 15 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 28 ақпан аралығында COVID-19-дың 12374 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 10900.